locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайрат футзалдан Қазақстан Кубогының жартылай финалына сенімді түрде жолдама алды

Футзал
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қайрат футзалдан Қазақстан Кубогының жартылай финалына сенімді түрде жолдама алды
ФОТО: КАЙРАТ АФК

Футзалдан Қазақстан Кубогының ширек финалында оралдық “Бәйтерек” алматылық “Қайратқа” 2:6 есебімен есе жіберді. Осылайша, ел футзалының гранды турнирдегі жорығын жалғастырып, жартылай финалға шыққан екінші команда атанды.

Қазақстан Кубогы, 1/4 финал “Бәйтерек” – “Қайрат” - 2:6
Голдар: Денер (0:1), Оразов (0:2), Тұрсағұлов (0:3), Тұрсағұлов (0:4), Рикардиньо (1:4), Денер (1:5), Штібегов (2:5), Денер (2:6).

Алғашқы минуттардан-ақ “Қайрат” ойынды өз қолына алып, жылдам басымдыққа ие болды. “Бәйтерек” қарсылық көрсетуге тырысқанымен, алматылық команда тәжірибесі мен шеберлігінің арқасында сенімді жеңіске жетті.

Бұған дейін ширек финалдың тағы бір матчында “Ақтөбе” “Ордабасыны” пенальти сериясында жеңіп, жартылай финалға өткен болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie