locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2014 жылдан бері алғаш рет – Қазақстансыз. Футзалдан Еуропа чемпионатының себеттері жарияланды

Жеребе тарту – жақында
Футзал
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
2014 жылдан бері алғаш рет – Қазақстансыз. Футзалдан Еуропа чемпионатының себеттері жарияланды
ФОТО: УЕФА

24 қазанда Литваның Каунас қаласында футзалдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің жеребе тартуы өтеді. Өкінішке қарай, қазақстандық футзалшылар бұл турнирде бақ сынамайды, бірақ топтар құрылатын себеттер белгілі болды.

16 қатысушы команда ұлттық құрамалардың 2025 жылғы 26 қыркүйектегі рейтингтеріне сәйкес әрқайсысында төрт командадан төрт себетке бөлінді.

  • 1-себет: Португалия, Испания, Украина, Франция
  • 2-себет: Хорватия, Италия, Словения, Чехия
  • 3-себет: Польша, Армения, Грузия, Беларусь
  • 4-себет: Бельгия, Венгрия, Латвия, Литва

Топтық кезеңде Украина мен Беларусь құрамалары бір топқа түсе алмайды. Олар әртүрлі топтарға ажыратылады. Сондай-ақ, турнир иелері де әр топқа жеке бөлінеді: Латвия – А тобына, Литва – В тобына, Словения – С тобына жіберіледі.

Қазақстан құрамасы 2014 жылдан бері алғаш рет Еуропа чемпионатына қатыспайды, бұл плей-офф іріктеу кезеңінде Италиядан ұтылғаннан кейін белгілі болды. Дегенмен, қазақстандық төреші Аслан Галаев турнирде төрелік етуге үміткерлер тізіміне енді. Бұл дода 2026 жылдың 21 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie