locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Тұрақтылық пен тәжірибе». Ральф Шумахер неліктен Cadillac командасына Микті таңдау керек екенін түсіндірді

Формула-1
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

Cadillac командасы 2026 жылғы маусымда Формула-1-ге қосылуға дайындықты жалғастыруда. Құрама тізімін жасақтау барысында негізгі үміткерлердің бірі ретінде неміс шабандозы Мик Шумахер қарастырылып отыр. Ол тәжірибелі шабандоз Серхио Переспен қатарлас кандидаттардың бірі саналады.

БАҚ мәліметінше, Cadillac қос үміткермен де байланыс орнатқан. Команда Шумахердің F1-дегі тәжірибесі мен тұрақтылығын жоғары бағалап отыр.

Миктің ағасы, Формула-1-дің Ральф Шумахер інісінің бұл ойынға нағыз лайықты адам көретінін жасырмады.

«Cadillac-қа апатсыз, нәтижеге жұмыс істей алатын тұрақты шабандоз қажет. Мик осы талаптарға толық сай келеді», - деп пікір білдірдіол.

Мик Шумахер қазіргі уақытта Alpine командасының сапында WEC (әлемдік ұзақ қашықтықтағы жарыстар чемпионаты) сериясында өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін ол Формула-1 жарыстарына қатысып, тәжірибе жинаған.

Cadillac-тың Формула-1-дегі дебюті 2026 жылға жоспарланған. Бұл жоба General Motors концерні аясында жүзеге асырылады және алдағы маусымдардың ең көп күтілетін техникалық жаңалықтарының бірі болмақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie