locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Оскар Пиастри Бахрейн Гран-приінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Формула-1 12 сәу 2025 14:58
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Оскар Пиастри «Бахрейн Гран-приінің» іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
ФОТО: Getty images

12 сәуір күні Бахрейндегі халықаралық автодромда Формула-1 маусымының төртінші кезеңі - «Бахрейн Гран-приінің» іріктеу жарысы өтті. Ең үздік нәтижені «McLaren» командасының шабандозы Оскар Пиастри көрсетіп, поул-позицияны иеленді.

Екінші нәтиже «Mercedes» тізгініндегі Джордж Расселлге тиесілі болса, үздік үштікті «Ferrari» шабандозы Шарль Леклер қорытындылады. Ал әлем чемпионы Макс Ферстаппен («Red Bull») бұл жолы сәтсіздікке ұшырап, жетінші орыннан жарысты бастайтын болды. Оның басты бәсекелесі Льюис Хэмилтон («Ferrari») тоғызыншы орынға тұрақтады.

Іріктеуден кейін Пиастри өз әсерімен бөлісті.

«Ең бастысы - бірінші бұрылыстан бірінші болып шығу. Ертеңгі жарыс қалай болатынын көреміз. Бірақ поул - жарысты бастау үшін ең керемет орын. Жексенбіні тағатсыздана күтіп жүрмін», - деді ол.

«Бахрейн Гран-приінің» басты жарысы 13 сәуір күні Астана уақытымен сағат 20:00-де өтеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie