Mercedes 2025 жылғы болидінде экологиялық таза технологияларды қолданады
Формула-1 тарихында алғаш рет "Mercedes" командасы 2025 жылғы маусымда болидінің кейбір бөлшектерін экологиялық таза көміртекті талшықтан жасайтынын мәлімдеді.
"Өнімділік пен инновация қатар жүргенде, даму айқын көрінеді. Мен қиындықтарды еңсеріп, тұрақты өзгерістерге ұмтылатын команда басқарып отырғаныма мақтанамын. Материалдар саласындағы жаңашылдықты қолдаған серіктестерімізге және бұл материалдарды сынауға мүмкіндік берген FIA-ға алғыс білдіремін.
Біз экологиялық таза өнімдерге басымдық беріп, Формула-1-дің әлемдегі ең жылдам зертхана екенін дәлелдейміз", – деп мәлімдеді Тото Вольфф команда баспасөз қызметіне.
"Mercedes" көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға тырысып, өз болидтеріндегі материалдардың шамамен 75%-ын көміртекті композициялық элементтер құрайтынын атап өтті. Формула-1 экологиялық таза болашаққа ұмтылып, 2026 жылдан бастап 100% таза отынға көшуді жоспарлап отыр.
Команда FIA-мен тығыз жұмыс істеп, техникалық регламентке сәйкес келуге және экологиялық таза көміртекті композициялардың зертханалық сынақтардан сәтті өтіп, жарыс автомобильдеріне қойылатын талаптарға сай екенін дәлелдеуге ниетті.
Алдын біз, Ред Булл дәуірі аяқталды ма? Шумахер Ферстаппеннің жетістігіне сенбейді деп хабарлаған едік.