locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Маусымның сенсациясына соққы: Норрис пен Пиастри ФИА тексерісінен кейін дисквалификация алды

Ландо Норрис и Оскар Пиастри дисквалифиция алып, ұпай жоғалтты
Формула-1
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Маусымның сенсациясына соққы: Норрис пен Пиастри ФИА тексерісінен кейін дисквалификация алды
ФОТО: Getty images

Лас-Вегаста өткен Гран-приден кейін Формула-1 әлемінде үлкен дау туды: Халықаралық автомобиль федерациясы (ФИА) Ландо Норрис пен Оскар Пиастри көрсеткен нәтижелердің күшін жойды. McLaren командасының қос шабандозы техникалық регламенттің бұзылуына байланысты барлық ұпайынан айырылды - болидтердің табан астында орналасқан сырғу планкасының шамадан тыс тозғаны анықталды.

Мәселе міндетті тексеріс барысында белгілі болды. ФИА-ның бас делегаты Джо Бауэр планка қалыңдығы рұқсат етілген 9 миллиметрден төмен түсіп кеткенін тіркеді. Бұл конструкцияның бұзылуы болып саналады әрі бірден дисквалификация қолдануды талап етеді.

Ең маңыздысы - McLaren шабандоздарының нәтижелері жойылғаннан кейін Макс Ферстаппен бесінші чемпиондық атақ үшін күреске толыққанды қайта оралды. Қазір оның көшбасшымен ұпай айырмасы - 24 ұпай, ал маусымның соңғы екі жарысында, соның ішінде Катардағы спринттің арқасында, тағы 58 ұпай сарапқа салынады.

ФИА шешімінен кейінгі жеке есептің жаңартылған көрінісі.

1. Ландо Норрис (McLaren) – 390 ұпай
2. Оскар Пиастри (McLaren) – 366 ұпай
3. Макс Ферстаппен (Red Bull) – 366 ұпай

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie