Ландо Норрис – чемпион! «Макларен» 17 жылдан кейін чемпиондыққа қол жеткізді
Ландо Норрис Формула-1 әлем чемпионы атанды — Абу-Даби Гран-приінің нәтижесі бойынша.
Маусымның шешуші жарысында британдық шабандоз үшінші болып мәре сызығын кесіп, жалпы есепте жеңіске жетуге осы нәтиже жеткілікті болды. Жарыстағы жеңіс Макс Ферстаппенге бұйырды, ал екінші орынды Оскар Пиастри иеленді.
Норрис маусым қорытындысы бойынша 382 ұпай жинап, Ферстаппендi екі баллға басып озды. Бұл – 26 жастағы пилоттың мансабындағы алғашқы чемпиондық титулы және «Макларен» командасының 2008 жылдан бергі алғашқы әлемдік жеңісі. Ол кезде чемпиондық тұғырға Льюис Хэмилтон көтерілген еді.
Көптеген кезеңдерде чемпионат көшбасшысы болған Оскар Пиастри маусымды үшінші орынмен аяқтады. Австралиялық пилот жеті жеңіске жеткенімен, маусымның екінші жартысындағы қателіктер оған чемпион болуға мүмкіндік бермеді.
Льюис Хэмилтон Абу-Дабидегі жарысты сегізінші орында аяқтап, маусым бойы бірде-бір подиумсыз чемпионаттың жалпы есебінде алтыншы орынға жайғасты — бұл оның мансабындағы ең төменгі нәтиже.