Хэмилтон Ferrari көлігінің Бахрейндегі Гран-при алдындағы жаңартуларын жоғары бағалайды


Формула-1-дің жеті дүркін әлем чемпионы Льюис Хэмилтон Бахрейндегі Гран-при алдында Ferrari командасының болидке енгізген жаңартуларын оң бағалады.
Британдық спортшы инженерлердің еңбегін атап өтіп, машинаның жылдамдығы жағынан прогресс байқалатынын айтты.
«Жаңартулардың пайдасы бар екені анық. Базада жұмыс істеп жатқан барлық мамандарға үлкен рақмет айтамын. Жаңа жаңа шассиді жасау, аэродинамикалық трубада сынау және барлық бөлшектерді құрастыру – үлкен күшті талап етеді. Қазір біз алға қарай қадам жасап жатырмыз. Енді осы өзгерістерді тиімді пайдаланып, іріктеу кезеңіне дейін машинаны мінсіз баптау қажет»,– деді Хэмилтон.
11 сәуір күні Сахирдегі халықаралық автодромда Бахрейн Гран-приінің екінші еркін жаттығу сессиясы өтті. Үздік уақытты «Макларен» пилоты Оскар Пиастри көрсетті. Екінші орын – оның командаласы Ландо Норриске тиесілі. Ал үшінші нәтижені «Мерседес» командасының өкілі Джордж Расселл тіркеді. Маусым көшбасшысы Макс Ферстаппен («Ред Булл») тек жетінші орынмен шектелді, ол үздік нәтижеден 0.825 секундқа артта қалды. Хэмилтонның өзі сегізінші болса, оның әріптесіШарль Леклерк төртінші болып келді.
Бахрейн Гран-приі Формула-1-дің 2025 жылғы маусымындағы төртінші кезең болмақ. Негізгі жарыс жексенбі күні, 13 сәуірде Астана уақытымен сағат 20:00-де өтеді.