locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Антонелли Формула-1 тарихындағы ең жас жүлдегерлердің үштігіне енді

18 жастағы вундеркинд Формула 1 элитасына енді
Формула-1
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Антонелли Формула-1 тарихындағы ең жас жүлдегерлердің үштігіне енді
ФОТО: Getty images

2025 жылғы маусымда Формула-1 жарыстарында алғаш рет бақ сынап жатқан италиялық жас шабандоз Андреа Кими Антонелли кәсіби мансабындағы алғашқы үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол өткен жарыста үшінші орын алып, подиумға көтерілді.

Бұл нәтиже 18 жасар талант үшін ғана емес, бүкіл автоспорт әлемі үшін тарихи сәт болды. Антонелли 18 жас 9 ай 21 күнінде подиумға шықты. Бұған дейін мұндай жас көрсеткішпен тек екі ғана шабандоз көзге түскен: Макс Ферстаппен (18 жас 7 ай 15 күн) мен Лэнс Стролл (18 жас 7 ай 27 күн).

Жарыстағы жеңісті Mercedes командасының тағы бір мүшесі Джордж Расселл иеленді. Ол бүкіл уик-энд бойы сенімді өнер көрсетіп, командасына маңызды жеңіс сыйлады. Екінші орынды Red Bul өкілі, әлем чемпионы Макс Ферстаппен иеленді.

Қазіргі таңда Андреа Кими Антонелли 63 ұпаймен жеке есепте жетінші орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie