locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ягеллония-Аякс: матчтың болжамы 22 тамыз 2024 жыл

Еуропа Лигасы
22 там 2024, 14:45 Аяқталды
Ягелония
Ягелония
1 : 4
Аякс
Аякс
Халықаралық, Bialystok, Stadion Miejski w Bialymstoku
Шолу Матчтың егжей-тегжейі Құрамдар Турнир торабы Бәстер Болжам
Витренко Андрей
Витренко Андрей
sports24 сарапшы
Матчқа болжам Ягелония Аякс
Ягеллония-Аякс: матчтың болжамы 22 тамыз 2024 жыл
Ягелония
Ягелония
Матч болжамы
Жеңіс Аякс
1xBet
Коэф.
1.85
Бәс тігу

22-тамызда Еуропа Лигасының соңғы іріктеу кезеңі басталады. Чемпиондар Лигасына іріктеу кезеңінен ұшып кеткеннен кейін польшалық клуб "Ягеллония" голландиялық "Аякспен" алғашқы ойынын өткізеді. Матч Польшаның Белосток қаласында өтеді, Астана уақыты бойынша 23:45-те басталады.

Ягеллония-Аякс: негізгі статистика және трендтер

  • “Ягеллония” соңғы үш ойында жеңіліске ұшырады
  • “Аякстың” соңғы 6 ойынының 2-еуінде екі команда да гол соққан
  • Польша чемпионатының соңғы матчтарында “Ягеллония" бірінші болып гол соқты
  • "Аякстың" сырт алаңдағы соңғы 10 ойынының тек екеуі 2.5 голдан аз көрсеткішпен аяқталды

Ягеллония-жағдайына талдау:

"Ягеллония" тарихындағы үлкен жеңістерімен мақтана алмайды. Команда орташа нәтиже көрсетіп, көзге көп түспеді. Көптеген жылдар бойы әртүрлі лигаларда өнер көрсеткеннен кейін, “Ягеллония” 2007 жылы Польшаның жоғарғы лигасында өз орнын алды. Команда чемпионатта ұдайы өнер көрсете бастады және төменгі орындарда қалып жүрді. Кейінірек еурокубоктык ойындарға алғаш рет қатысты , дегенинн алғашқы кезеңдерден ұшып кетіп жүрді.

Футбол әлемі үшін “Ягеллония” мен сенсация - бір-бірімен синонимге алды. Польшалық жанкүйерлері "Ягеллонияны" орташа дәрежедегі клубтар қатарына қосты, бірақ өткен маусым көптеген адамдарды таңқалдырды. Өз тарихында алғаш рет "Ягеллония" Экстаркласта жеңіске жетті. Чемпионатта көшбасшылар ұпай жоғалтып жатқанда, "Ягеллония" клуб тарихындағы жаңа тарауды жазып алды. "Ягеллония”жеңісі АПЛ-дегі "Лестердің" жеңісіне ұқсайды, сондықтан бәрі күтпеген жерден болды.

Маусымның басталуы команданың көңіл-күйін жақсартты. Польша чемпионатын сәтті бастаған "Ягеллония" Чемпиондар Лигасының іріктеуінде сәтті дебют жасады. Ертегі әріқарай жалғасатын сияқты көрінді, бірақ алғашқы мықты қарсыластар көңілді күрт суытты. ЧЛ іріктеу матчы қарсаңында норвегиялық "Буде-Глимттен" екі рет жеңілді (1:0 және 4:1), және чемпионатта алғаш рет "Краковиядан" 4:2 есебімен жеңіліске ұшырады.

"Аякспен" кездесу польшалықтардың күші мен маусымға дайындығының соңғы тексеруі болады. Бүгінгі таңда “Ягеллония”чемпион болғандарының кездейсоқ емес екенін көрсетіп, бүкіл Еуропаға өздерін дәлелдеуге мүмкіндік алады.

Аякс-жағдайын талдау:

Голландиялық "Аякс" өзінің академиясының көмегімен бүкіл футбол әлеміне танымал. Клуб тәрбиеленушілері бұл спорттың дамуында үлкен із қалдырды. "Аякс" құрамында Йохан Кройф, Марко Ван Бастен, Денис Бергкамп, Кларенс Зеедорф және басқа да көптеген танымал ойыншылар ойнаған.

Бүгінгі "Аякс" - өткен жылдардың көмескі көлеңкесі іспетті. Клубтың үстемдігі үзілді. “Аякс” соңғы рет 2021/22 маусымда клубтық жүлде жеңіп алды. Ал еурокубоктык ойындарда команда футбол жанкүйерлері көрген керемет ойынды көрсетпейді. Қазіргі "Аякс" қарсыласын қорқытпайды, ал команданың жас таланттары қажетті нәтиже бермейді. Өткен маусымда команда чемпионаттан ұшып кетуге сәл қалды, дегенмен жанкүйерлердің бақытына орай маусым қорытындысы брйынша 5-ші орынға ие болды.

Басшылық қателіктерді талдап, жаңа бас бапкерді тағайындады. Клубтағы маманның алғашқы қадамдары сәтті өтті. Алдымен Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде сербиялық "Воеводинаны" жеңді, содан кейін пенальти сериясында грециялық "Панатинаикосты" жеңді. Нидерланды чемпионатының басталуы “Аякс” “Херенвенге” қарсы ойында 1:0 есебімен жеңіске жетті. “Бреда” клубымен кездеспей тұрып “Аякс” үшін бәрі жақсы болды, голландиядық клуб еврейлерден 2-1 есебімен жеңіліп қалды. Нәтиже ойыншылар мен жаттықтырушы үшін ауыр тид және мұндай жағдайларға жол бермеу қажет, сондықтан клуб алдағы ойындар да өзін қалпына келтіргісі келеді.

Ягеллония: команда жаңалықтары

Бірінші іріктеу матчына алаң иелері сапынан жас шабуылшы Дамиан Войдаковский қатыса алмайды. Қалған ойыншылардың барлығы матчқа дайын.

Аякс: команда жаңалықтары

Оливье Артссен, Оуэн Вейндал, Гастон Авила, Кристиан Расмуссен және Амауррихо ван Аксель Донген жарақатына байланысты ойынға қатыса алмайды. "Аякстың" жарақат алған футболшылары негізгі ойыншылар қатарында емес екенін атап өту маңызды.

Ягеллония – Аякс: алаңға шығуы мүмкін негізгі құрам

Ягеллония (мүмкін құрам): Абрамович – Моутиньо, Диегес, Скшипчак, Сачек – Хансен, Нене, Романчук, Мики – Имас – Пулулу

Аякс (мүмкін құрам): Пасвер – Ренч, Сутало, Баас, Хато – Фитц-Джим, Хендерсон, Тейлор – Бергейс, Акпом, Форбс

Ягеллония – Аякс: жеке кездесулер

Командалар арасында бұрын-соңды кездесу болған жоқ. Бұл таңқаларлық емес, "Аякс" еурокубоктардың тұрақты өкілі болған кезде, "Ягеллония" еуроаренада өнер көрсету мүмкіндігі жайлы тек армандады.

Матчқа тегін болжам:

"Ягеллонияның" еурокубоктардағы тәжірибесіздігі "Аякстың”пайдасына асады. Польшалық клубы голландиялық клубқа қарағанда әлі күнге дейін шикі көрінеді. “Аякс” құрамында нәтиже бере алатын бірнеше талантты ойыншылар бар. Менің ойымша, голландиялық клуб екінші матчқа дейін ойын тағдырын созғысы келмейді, сондықтан мен “Аякстың” жеңісіне 1.85 коэффициентімен бәс тігемін.

Турнирлер статистикасы
Команда О Ұ
1 Кайрат Кайрат 24 47
2 Астана Астана 24 46
3 Актобе Актобе 24 43
4 Ордабасы Шымкент Ордабасы Шымкент 24 42
5 Тобол Тобол 24 39
6 Спартак Семей Спартак Семей 24 37
7 Атырау Атырау 24 35
8 Кайсар Кайсар 24 34
9 Кызылжар Петропавловск Кызылжар Петропавловск 24 29
10 Женис Женис 24 24
11 Жетысу Талды-Курган Жетысу Талды-Курган 24 23
12 Туран Туран 24 20
13 Шахтёр Караганды Шахтёр Караганды 24 10
Толық кесте
Соңғы жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie