Жирона сапына 19 жасар украиндық қақпашы қосылды
Футбол
Бүгін 13:38
Нұрбақыт Қадырбаев
sports24 сарапшы
ФОТО: ФК Жирона
“Жирона” ресми түрде 19 жастағы Владислав Крапивцовпен келісімшартқа отырғанын хабарлады. Ол каталондық клубқа еркін агент ретінде ауысып, 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды.
Өткен маусымда Крапивцов “Днепр-1” жастар командасында ойнап, 19 жасқа дейінгі чемпионатта 25 матч өткізді. Команда шығарылғаннан кейін футболшы еркін агент мәртебесін алды.
Испания чемпионатының 16 турынан кейін “Жирона” 22 ұпаймен 9-шы орында тұр. Келесі матч 8-ші орында келе жатқан “Мальоркаға” қарсы.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 14:28
Футбол
Бүгін 13:25