locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жереми Фримпонг «Ливерпулдегі» мақсатын айтты

Нидерландиялық қорғаушы жаңа клубында жүлде үшін күрескісі келеді
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Жереми Фримпонг «Ливерпулдегі» мақсатын айтты
ФОТО: Getty Images

Нидерландтан шыққан шеткі қорғаушы Жереми Фримпонг Англияның атақты «Ливерпуль» клубымен 2030 жылдың маусым айының соңына дейін келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін ол Германияның «Байер» командасында ойнап, ел біріншілігі мен Кубогын жеңіп алған.

«Қай клубта болсам да, мен әрдайым бірдеңе жеңіп келемін: чемпионат болсын, кубок болсын – міндетті түрде. Енді осы дәстүрді «Ливерпульде» де жалғастырғым келеді. Мен футболды жеңістер үшін, жүлделер үшін ойнаймын. Мақсатым – мүмкіндігінше көп трофей жеңіп алу», – деді Фримпонг клубтың ресми сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Ливерпуль» өткен маусымда Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. Алайда Чемпиондар лигасында команда 1/8 финалда «ПСЖ»-ге жол беріп, турнирден шығып қалды.

Франческо Ачерби құрамадан кететінін мәлімдеді: Мені күтпейтін жерде болғым келмейді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie