locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Женис» бас бапкерсіз қалуы мүмкін. Оған шетелден қызығушылық бар

Жергілікті лига және атақты чемпионаттар
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Женис» бас бапкерсіз қалуы мүмкін. Оған шетелден қызығушылық бар
ФОТО: ФК Металлист 1925

Украиналық маман Андрей Демченконың жетекшілігімен «Женис» қатарынан он ойында жеңілмей, «Ақтөбе» мен «Астананы» тізе бүктірді. Сондықтан бапкерге трансфер нарығында қызығушылық туындауы таңқаларлық емес.

ASnews.kz дерегінше, Демченконың қызметіне аты аталмаған Премьер-лига клубтары мен шетелдік командалар қызығушылық танытып отыр. Украиналық маманға нақты қай елден көз тігіп отырғаны белгісіз, дегенмен дереккөз бұл Польша, Кипр немесе Венгрия чемпионаттарының өкілдері болуы мүмкін деп болжайды.

Өткен маусымда «Жениспен» алтыншы орынды иеленген Демченконың бапкерлік тәжірибесінде украиналық «Металлист 1925», сондай-ақ грузиялық «Дила» мен Батумидің «Динамо» клубтары бар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie