locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

\"Жеңіске жету – жігер мен талпынысқа байланысты\". Горовенко Атыраудың ҚПЛ-дегі жеңілісін түсіндірді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
"Жеңіске жету – жігер мен талпынысқа байланысты". Горовенко Атыраудың ҚПЛ-дегі жеңілісін түсіндірді
ФОТО: Getty Images

"Атырау" футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко өз командасының "Оқжетпеске" (1:2) қарсы өткізген ойындағы күтпеген жеңілісіне пікір білдірді.

- "Футболда кез келген команданың жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Алаңға атақ та, қаржы да шықпайды – футболшылар ойнайды. Кімде жеңіске деген құлшыныс жоғары болса, кім қарсыласқа қарсы көбірек күресіп, көбірек жүгіріп, көбірек соққы бағыттаса – сол команда жеңеді. Алғашқы 20 минутта біз алаңға бейімделе алмай, көбіне кешігіп жаттық. Бірақ, айтылғандай, сәттілік тек еңбектенгенге бұйырады. Қарсылас жылдам екі қарсы шабуылдан гол соғып, біз тактиканы өзгертуге, шабуылға көбірек шығуға, тәуекел етуге мәжбүр болдық. Гол соғатын бірнеше мүмкіндігіміз болды, есепті теңестіре алатын едік, алайда бүгін "Оқжетпес" жеңісті толығымен лайықты түрде алды. Біз енді қорытынды жасап, алдағы ойындарға дайындалуымыз керек", – деді Горовенко.

"Атырау" келесі ойынын 30-наурыз күні "Ақтөбеге" қарсы өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз: Қуандық Нұрсұлтанов Жетісуға қарсы матчтан кейін алған әсерімен бөлісті

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie