locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жеңіс» жаңа иесін тапты. Ол кім?

Жаңа басшыда үлкен мақсаттар бар
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Жеңіс» жаңа иесін тапты. Ол кім?
ФОТО: ФК «Женис»

Қазақстандағы футбол клубтарын жекешелендіру қарқынды жүріп жатыр. Премьер-лиганың бірқатар клубтары өз жаңа иелеріне ие болса, енді бұл кезек «Жеңіс» клубына да келді.

Астаналық клубтың жаңа иесі — Kaspi.kz технологиялық компаниясымен танымал кәсіпкер Михаил Ломтадзе болды. Дәл осы компания «Жеңіс» клубының грузин тамыры бар бизнесменнің қолына өткені туралы хабарлады.

«Михаил Ломтадзе секілді инвестордың келуі — клубтың дамуы үшін керемет мүмкіндік. Біз бәріміз білеміз, футболдың болашағы балалардан, инфрақұрылымнан және заманауи әдістерден басталады. «Жеңіс» — бай тарихы бар клуб, және біз бірге оның бұрынғы даңқын қайтара алатынымызға әрі жалпы қазақстандық футболдың жарқын болашағына үлес қоса алатынымызға сенімдіміз», – деді «Жеңіс» клубының бас директоры Айдын Қожахмет, деп жазады nur.kz.

Бұған дейін астаналық клубтың биылғы қараша айының соңына дейін жекеменшікке өтетіні туралы хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie