«Жеңіс» шетелде ойнаған қазақстандық шабуылшымен қош айтысты
Футболшы елордалық клуб сапында төрт матч өткізіп, бір голмен көзге түсті
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images
Sports24.kz мәліметінше, 21 жастағы қазақстандық шабуылшы Хамза Якуди елордалық «Жеңіс» клубынан кетті.
Тараптар келісімшартты екіжақты келісім бойынша тоқтатты.
Якуди елордалық клубтың құрамында барлық турнирлерде бар болғаны төрт матч өткізіп, бір гол соқты.
Футболшы алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Бұған дейін ол қазақстандық «Рузаевка» және «Ордабасы» клубтарында, сондай-ақ Беларусьтің «Слоним» және Литваның «Бабрунгас» командаларында ойнаған. Өткен маусымда Хамза «Бабрунгас» сапында 28 ойында 11 гол соқты.
Бұған дейін Sports24.kz «Жеңіс» клубының испаниялық легионермен қош айтысқаны туралы хабарлаған болатын.