locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жеңіс» бразилиялық шабуылшымен келісімшартты ұзартты

Бразилиялық форвард нәтижелі маусымнан кейін астаналық клубта қалады
«Жеңіс» бразилиялық шабуылшымен келісімшартты ұзартты
ФОТО: ФК Жеңіс

Астаналық «Жеңіс» ресми түрде бразилиялық шабуылшы Адилио Коррея Дос Сантоспен келісімшартты ұзартқанын жариялады.

Өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында астаналық клуб алтыншы орынға ие болды. 32 жастағы шабуылшы 25 матч өткізіп, алты гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

«Жеңіс» сапына дейін Адилио Бразилия мен Португалияда өнер көрсетті. Ол ҚПЛ-ға 2024 жылы португалиялық «Пенафиел» клубынан келді.

Бұған дейін «Жеңіс» бас бапкер Андрей Демченкомен қоштасқанын, сондай-ақ Ардақ Саулет пен Мәди Хасейнмен келісімшарттарды ұзартқанын хабарлаған болатын. БАҚ мәліметінше, команданың жаңа бас бапкері қазақстандық маман Әли Әлиев болуы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie