locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жеңілмеген Испания: үш жылдық серия командаға әлемдік рекордқа жақындауға мүмкіндік берді

Де ла Фуэнте командасы аңызға айналған Италиямен теңесті
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Жеңілмеген Испания: үш жылдық серия командаға әлемдік рекордқа жақындауға мүмкіндік берді
ФОТО: sefutbol инстаграм парақшасынан

Испания құрамасы тағы да әлемдік футбол тарихында өз атын жарқыратып, ресми турнирлердегі негізгі уақытта жеңіліссіз өткен матчтар сериясын 31-ге жеткізді.

Бұл көрсеткіш командаға ұлттық құрамалар арасындағы абсолюттік рекордты қайталауға мүмкіндік берді.

Маңызды нәтиже 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алтыншы турында тіркелді, онда испаниялықтар Түркиямен 2:2 есебімен тең түсті. Дәл осы бір ұпай «қызыл фурияға» бұған дейін тек Италия құрамасы ғана қол жеткізген деңгейге шығуға мүмкіндік берді — олардың рекордтық сериясы 2018 жылдан 2021 жылға дейін созылған болатын, деп хабарлайды AS.

Луис де ла Фуэнте бастаған ұжым ресми матчтарда негізгі уақытта жеңілісті ұмытқалы үш жылға жуықтады. Испания соңғы рет 2023 жылдың наурызында ғана жеңіліске ұшырады — Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Шотландиядан (0:2) жеңілген болатын.

Осы әсерлі серия барысында команда 2023 жылғы Ұлттар лигасының кубогын жеңіп алды, 2024 жылғы Еуропа чемпионы атанды және АҚШ, Канада мен Мексика қабылдайтын 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдаманы алдын ала қамтамасыз етті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie