Жасырын өсиет: Неймардың аты миллиардердің мұрагерлері қатарынан табылды
«Сантос» форварды шамамен 1 миллиард доллар мұраға қалдыруы мүмкін, бірақ ресми растау әзірге жоқ
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: neymarjr инстаграм парақшасынан
Бразилияда үлкен дау тудырған жағдай орын алды: жергілікті кәсіпкерлердің бірі атақты футболшы Неймарды өзінің өсиетіне енгізген.
Terra басылымының хабарлауынша, «Сантос» шабуылшысы құжаттарда мұрагер ретінде көрсетілген, ал аталған активтердің жалпы құны шамамен 1 миллиард долларды құрайды.
Дегенмен, футболшының өкілдері ешқандай ресми құжат алмағанын айтып отыр. Сондықтан, Неймарға қатысты мұра жайлы ақпарат әзірге тек расталмаған әңгіме күйінде қалып отыр.
Айта кетейік, 33 жастағы Неймар осы жылдың қаңтарында кәсіби мансабын бастаған «Сантосқа» қайта оралған еді. Шабуылшының келісімшарты желтоқсан айының соңына дейін есептелген, ал қазіргі нарықтық құны шамамен 12 миллион еуроға бағалануда.