Жарақат? Максим Самородов топпен бірге жаттығуда
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: ФК Ахмат
Қазақстан құрамасы мен ресейлік "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов Түркиядағы жиындарда ауыр жарақаттан құтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тулалық "Арсеналға" қарсы бақылау матчының аяқталуына он минут қалғанда қазақстандық аздап зақым алған еді, алайда ол қалпына келіп, жалпы топта жаттығуда.
Жолдастық матч Белекте (Түркия) өтіп, "Ахматтың" пайдасына 3-1 есебімен аяқталды. Самородов бастапқы құрамда шығып, ойынның 87-минутында ауыстырылды.
Айта кетейік, 23 наурызда Қазақстан құрамасы үшін 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі басталады. Әли Әлиевтің шәкірттері Уэльс командасына қонаққа барады, содан кейін Лихтенштейнмен ойнайды.