Жапония құрамасы 2019 жылдан бері ерекше жеңіліссіз сериясын жалғастырды
Күншығыс елінің ұлттық құрамасы еуропалық командаларға жеті жыл бойы жеңілмей келеді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images
Жапония құрамасы жолдастық ойында Шотландияны жеңіп, бірегей жетістікке қол жеткізді.
Жапония Шотландияны 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ойынның 84-минутында жалғыз голды Дзюня Ито соқты.
Осылайша, күншығыс елінің құрамасы 2019 жылдан бері еуропалық командаларға қарсы жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Соңғы жеті жылда жапон құрамасы еуропалық құрамаларға қарсы бес матч өткізіп, төрт жеңіс пен бір тең ойынға (Хорватиямен – пенальтиде жеңіліп) қол жеткізді.
2019 жылдан бері Жапония құрамасының Еуропа құрамаларына қарсы кездесулері:
Шотландия – Жапония – 0:1;
Жапония – Германия – 4:1;
Жапония – Хорватия – 1:1;
Жапония – Испания – 1:2;
Германия – Жапония – 1:2.

