locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жағымсыз жағдай. Кьеза сәтсіз серия аясында «Ливерпуль» киім бөлмесіндегі ахуалды ашып айтты

Көпшілігі сөз таба алмады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Жағымсыз жағдай. Кьеза сәтсіз серия аясында «Ливерпуль» киім бөлмесіндегі ахуалды ашып айтты
ФОТО: Getty Images

«Ливерпуль» Премьер-лигада қатарынан төрт рет жеңіліп, бұл деңгейдегі команда үшін өте ауыр кезеңге тап болды. Мұны «қызылдардың» шабуылшысы Федерико Кьеза да мойындады.

Италиялық шабуылшы «Брентфордтан» жеңілгеннен кейін киім бөлмесінде өлі тыныштық болғанын, өйткені ондай сәтте сөздің артық екенін айтты.

«Ешкім ештеңе демеді, себебі бәрі бәрін түсінді. Кейде жағдайды талқылаудың қажеті жоқ. Не болып жатқанын білесің. Сол себепті ешкім тіс жармады — бәріміз не істей алатынымызды ойладық. Әдетте мұндай сәтте бірінші ой — көбірек күш салу керек, бар ынтамен жұмыс істеу қажет. Ойыннан кейін үнсіздік болғаны жақсы болды, себебі бұл бәріміздің өзгерткіміз келетінінің белгісі. Барлығы жағдайды өзгерткісі келеді», - деді Кьеза.

Бұған дейін Рууд Гуллит Арне Слоттың «Ливерпульдегі» басты қатесін атап өткен болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie