locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жаңа атақтың табалдырығында тұрған аңыз: Месси әлемдік ассисттер рекордына бір қадам жақын

Аргентиналық данышпан Пушкаштың көрсеткішін қайталап, футбол тарихындағы абсолютті рекордқа бет алды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Жаңа атақтың табалдырығында тұрған аңыз: Месси әлемдік ассисттер рекордына бір қадам жақын
ФОТО: intermiamicf инстаграм парақшасынан

24 қарашаға қараған түні АҚШ-тың Цинциннати қаласында МЛС плей-оффының ширек финалындағы матч аяқталды.

Жергілікті команда «Цинциннати» өз алаңында «Интер Майамиді» қабылдады. Кездесу қонақтардың айқын басымдығымен аяқталды – Месси командасы қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Лионель Месси тағы да матчтың басты кейіпкеріне айналды: «Интердің» капитаны бір гол соғып, үш нәтижелі пас беріп, плей-офф деңгейінде жарқын ойын көрсетті. Осы ассисттердің арқасында аргентиналық жұлдыз мансабындағы нәтижелі пас санын 404-ке жеткізіп, Ференц Пушкашқа тиесілі деп айтылатын тарихи межені қайталады.

Пушкаштың ассисттер саны жиі аталғанымен, оны ресми статистикамен нақты растау мүмкін емес. Ал Мессидің әр нәтижелі пасына дейінгі деректер толықтай құжатталған, бұл оның жетістігін одан әрі құнды етеді.

Енді Мессиге тағы бір ғана дәл пас жеткілікті — сол сәтте ол футбол тарихындағы ең көп ассист жасаған ойыншы ретінде жеке-дара рекорд орнатады. Рекорд оның қол созым жерінде тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie