«Зенит» клубы Бақтиер Зайнутдиновтың мүмкін трансфері туралы пікір білдірді
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Зениттің» басқарма төрағасы Александр Медведев қазақстандық ойыншы Бақтиер Зайнутдиновтың клубқа ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «ВсеПроСпорт».
Журналистің «Бақтиер Зайнутдинов расымен де «Зениттің» қызығушылық аясында ма?» деген сұрағына Медведев теріс жауап берді.
Зайнутдинов 2025 жылдың басында жарақат алып, содан бері бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Маусымның бірінші жартысында ол «Бешікташ» сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Бақтиерға басқа ресейлік клубтар да қызығушылық танытуда - мәскеулік «Динамоның» басшылығы ойыншыны командада көргісі келеді және клуб 26 жастағы ойыншымен келіссөздерді бастады.