locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Зенит» «Динамоны» таптап өтті, алайда қазақстандық Әліп тағы да көңілден шықпады

«Зенит» «Динамоны» ойсырата жеңді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Зенит» «Динамоны» таптап өтті, алайда қазақстандық Әліп тағы да көңілден швқпады
ФОТО:ФК Зенит

23 тамыз күні Ресей Премьер-лигасының 6-турында «Зенит» өз алаңында Махачкаланың «Динамосын» ойсырата ұтып, сенімді жеңіске жетті – 4:0. Петерборлықтар ойын тағдырын алғашқы таймда-ақ шешіп қойды: 29-минутта Мостовой есеп ашса, араға алты минут салып Мантуан айырманы еселеді. Екінші кезеңде Горшков есепті ұлғайтты, ал қосымша уақытта Глушенков түпкілікті нүкте қойды.

РПЛ, 6-тур
«Зенит» — «Динамо» (Махачқала) — 4:0 (2:0)
Голдар: Мостовой, 29 (1:0). Мантуан, 35 (2:0). Горшков, 72 (3:0). Глушенков, 90 (4:0).

Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп 68-минутта алаңға шықты. Алайда, айтарлықтай көзге түсе алмады: Flashscore бағалауы бойынша оның ойыны 6,7 баллмен шектелді – бұл «Зенит» құрамындағы ең төмен көрсеткіш. Әліп биылғы маусымда бесінші матчына қатысып отыр, бірақ әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Бұл жеңіс «Зенитке» тоғыз ұпай еншілеп, турнирлік кестеде бесінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Команда әлі де көшбасшылыққа таласуға ниетті екенін көрсетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie