Зайнутдиновтың әкесі ұлының «Динамо» клубына ауысуы жөніндегі сыбыстарға пікір білдірді
Батыржан Зайнутдинов ұлымен мүмкін болатын трансфер туралы сөйлеспегенін айтты.
Футбол
Темірбеков Самрат
Журналист
ФОТО: Instagram: bateka_11
«Бешикташ» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтың әкесі Батыржан Зайнутдинов «Чемпионат» тілшісіне берген сұхбатында футболшының Мәскеудің «Динамо» клубына ауысуы мүмкін деген сыбыстарға пікір білдірді.
«Бақтиердің «Динамоға» ауысатыны туралы менде ақпарат жоқ. Біз бұл туралы әлі сөйлескен жоқпыз, ол менімен бөліскен жоқ», – деді футболшының әкесі.
Бақтиер 2023 жылдың жазында ЦСКА клубынан «Бешикташқа» ауысты. Өткен маусымда ол 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Түркиялық клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталы футболшыны 3 миллион еуроға бағалап отыр.