Зайнутдинов Қазақстан құрамасындағы еңбегі үшін Асхат Тағыбергенге алғыс айтты
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Түркиялық «Бешікташ» клубының жартылай қорғаушысы әрі Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов құрамадағы мансабын аяқтаған Асхат Тағыбергенге алғысын білдірді.
Тағыберген ұлттық құрамадағы ойындарын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл шешімді ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македонияға қарсы өткен ойыннан (0:1) кейін қабылдады.
Зайнутдинов Instagram парақшасында Тағыбергенмен бірге түскен суретін жариялап, оған: «Асеке, рахмет!» - деп жазды. Осы қысқа, бірақ жүрекжарды жазба арқылы ол Асхаттың ұлттық құрамадағы жылдар бойғы еңбегіне ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов соңғы ойындарға жарақатына байланысты қатыса алмады.
