locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Забарныйдың «ПСЖ»-ға ауысуы «Динамо» Киевке байланысты кедергілерге ұшырауы мүмкін

Француз клубы қорғаушы үшін жоғары баға төлеуге дайын емес
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Забарныйдың «ПСЖ»-ға ауысуы «Динамо» Киевке байланысты кедергілерге ұшырауы мүмкін
ФОТО: Getty Images

Ағылшындық «Борнмут» командасының орталық қорғаушысы Илья Забарный Францияның «ПСЖ» клубына ауысуы мүмкін еді. Алайда бұл трансфер жүзеге аспауы ықтимал, деп жазады The Telegraph.

Себебі, футболшының бұрынғы клубы – «Динамо» Киев келісімшарт шартына сай, трансферден 20% төлем алуы тиіс. Осыған байланысты «Борнмут» бағаны 20%-ға көтерген, бұл жағдай париждіктердің көңілінен шықпаған.

Сонымен қатар, «Борнмут» қорғаушысын жібергісі келмей отыр – командада жақында Дин Хёйсен «Реалға»кеткен, ал Милош Керкез те жақын арада «Ливерпульге» ауысуы мүмкін.

Забарныйдың ағылшын клубымен келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, қорғаушының нарықтық құны – 40 миллион еуро.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie