locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ювентус» пен «Рома» аңыздары Левандовскийге «Миланға» ауыспауға кеңес берді

Оның пікірінше, жасы үлкен шабуылшыларға Италияда ойнау Испаниямен салыстырғанда қиынырақ
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Ювентус» пен «Рома» аңыздары Левандовскийге «Миланға» ауыспауға кеңес берді
ФОТО: Getty Images

Соңғы уақытта «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовскийдің 2026 жылдың жазында «Миланға» ауысуы туралы қауесеттер қызу талқыланып жатыр. Алайда, италиялық чемпионатты жақсы білетін мамандар форвардқа Серия А-ға көшуге асықпауға кеңес берді.

«Ювентус» пен «Рома» клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы, Польша футболының аңызы Збигнев Бонек Левандовскийге италиялық чемпионаттың қолайлы бола қоймайтынын айтады, себебі бұл елде шабуылшыларға қойылатын талаптар өзгеше.

«Егер ол «Сан-Сироға» көшсе, қиындықтарға тап болар еді. Италияда ойнау Испаниямен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Менің ойымша, оның «Миланға» ауысуы шындыққа жанаспайды, әрі италиялық клубтар испандықтар секілді жалақы төлемейді. «Миланда» орталық алаңда 40 жастағы Лука Модрич жүгіріп жүр, бірақ шабуылшы болу – бұл үнемі 190 см бойлы, шынтақтасып, фол жасайтын қорғаушылармен күресу деген сөз.

Бұл Роберт үшін шынымен сын болар ма еді, білмеймін. Ол сөзсіз үздіктердің бірі, тіпті кейбіреулер үшін – Польша тарихындағы ең үздік шабуылшы. Ол жанкүйерлерге көп эмоция сыйлады және алдағы жүз жылда да статистикада көшбасшы болып қала береді», – деді Бонек TVP Sport-қа берген сұхбатында.

Бұған дейін Левандовскийге АҚШ клубтарынан да қызығушылық білдіріліп жатқаны хабарланған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie