Ямалдың әкесі ұлына және «Барсаға» зор ықпал етіп отыр. Сенсациялық мәліметтер
Танымал спорт журналисі Ромен Молина Ламин Ямал мен оның әкесі жайында тың мәліметтермен бөлісті.
Ламин Ямалдың әкесі ұлына және оның «Барселонамен» қарым-қатынасына барған сайын үлкен әсер ете бастады. Бұл — «ПСЖ» және өзге клубтар тарапынан артқан қызығушылық пен қысым салдарынан болып отыр. Уақыт өте келе оның талаптары да ұлғайды.
«Мысалы, ол «Барселонаға» барып: «Ұлым «Алтын допқа» таласта қажетті қолдауға ие болмай отыр, бұл әділетсіздік. Сол кезде клуб Рафиньяға көбірек қолдау көрсеткен еді», — деп жазды журналист.
Осыдан кейін клубтағы, тіпті Испания футбол федерациясындағы медиа-саясат пен қолдау тәсілі өзгерді.
Алайда «Барселона» киім ауыстыратын бөлмесінде бұл әрекет қолдау таппады. Команданың ұраны — ұжымдық рух. Сондай-ақ, сол уақыттан бері клуб кейбір ерекше өтініштерге, мысалы, жеке ұшақ сұрауларына қарамастан, үнемі «иә» деп жауап беріп келеді.
«Олар саясаткерлерден, танымал адамдардан, тіпті әйелдерден қаншама ұсыныс пен хабарлама алатынын елестете де алмайсыз», — деп толықтырды Молина.