locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ямаль аңыздарға толы «Барселона» құрамын жасақтады: шабуылда – Месси, Роналдиньо және Суарес

Каталон клубының жас жұлдызы тарихи ойыншылардан тұратын арман-құрамын ұсынды
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Ямаль аңыздарға толы «Барселона» құрамын жасақтады: шабуылда – Месси, Роналдиньо және Суарес
ФОТО: Getty Images

«Барселонаның» жас вингері Ламин Ямаль клуб тарихындағы үздік ойыншылардан тұратын символикалық құрамын жариялады. Бұл тізімді футболшы каталондық клубтың ресми YouTube-арнасында таныстырды. Құрамға Месси, Пуйоль, Хави сынды аңыздар енді.

Ямаль таңдаған аңыз құрам:

Қақпашы: Виктор Вальдес

Қорғаушылар: Хавьер Маскерано, Жерар Пике, Карлес Пуйоль

Жартылай қорғаушылар: Андрес Иньеста, Серхио Бускетс, Хави, Роналдиньо

Шабуылшылар: Лионель Месси, Луис Суарес, Неймар

17 жастағы Ямаль «Барселона» академиясының түлегі. Өткен маусымда ол 55 матчқа қатысып, 18 гол мен 25 нәтижелі пас берді. Жас ойыншының клубпен келісімшарты 2031 жылға дейін күшінде, ал Transfermarkt порталы оның нарықтық бағасын 200 миллион еуроға бағалаған.

Руни Барселонамен келісімге келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie