locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Войцех Шченсны: Тер Штеген негізгі құрамға қайта оралса, ешқандай мәселе туындамайды

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Войцех Шченсны: Тер Штеген негізгі құрамға қайта оралса, ешқандай мәселе туындамайды
Фото: gettyimages

«Барселона» клубының қазіргі таңдағы негізгі қақпашысы Войцех Шченсны жарақатта жатқан Тер Штегенді құрметтейтінін айтты

Польшалық қақпашы егер Тер Штеген жарақатынан айғып оралса, негізгі құрамды босатуға дайын екенін де атап өтті.

«Барселонаға» Тер Штегенді алмастыру үшін келдім. Ол негізгі құрамға қайта оралуды шешсе, менде ешқандай мәселе туындамайды.

Егер бас бапкер капитанның қайта оралып, қақпаға тұруын жөн санаса, бұл мен үшін қалыпты жағдай», - деді қақпашы.

Тер Штегеннің жарақатынан кейін «Барселона» қатарына Войцех Щенсныды қосып, қаңтар айынан бастап ол негізгі қақпашы болған еді. Каталондық клуб осы маусымда Шченсны қатысқан матчтарда мүлдем жеңілмей келеді ( 17 жеңіс, 3 тең ойын).

Тер Штеген «Барселона» жаттығуларына қайта оралуына қатысты пікір берді

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie