Виталий Жуковский «Атырау»-мен келісімшартын ұзартты
«Атырау» бас бапкер Виталий Жуковскиймен келісімшартты ұзартқанын клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Жуковский бізбен бірге!
Бас бапкер Виталий Леонидович Жуковский футбол клубы «Атырау»-мен келісімшартын ұзартты.
Клуб директоры Қуандық Қалбаевич Минск қаласына іссапармен барып, команда басшысымен келіссөздер жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы маусымды бірге бастау туралы келісімге келді.
Еске салсақ, Беларусь маманы команданы 2022 жылғы маусымның ортасында қабылдап, 2024 жылы «Атырауды» Қазақстан кубогының финалына шығарды. Өткен маусымда клубқа қайта оралып, Премьер-лигада орнын сақтап қалуына үлкен үлес қосты.
Алға, Атырау!», — деп жазылған клубтың инстаграм парақшасында.
Өткен маусымның басында Жуковский атыраулық клубтан кеткен еді, бірақ команда КПЛ-ден түсіп қалу үміткерлерінің бірі болған маусымның маусым айында қайта оралды. Беларусь маманының жетекшілігімен «Атырау» Премьер-лигада өз орнын сақтап қалды.