Винисиус жазда Сауд Арабиясына көшуі мүмкін
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Мадридтік “Реалдың” вингері Винисиус Жуниор өзінің клубтағы болашағын қарастыруда.
Sport.es сайтының хабарлауынша, бразилиялықтың өкілдері Сауд Арабиясы Про-лигасының клубтарымен байланысын жалғастыруда. Винисиус осы жазда Сауд Арабиясына көшуге шешім қабылдауы мүмкін. Мадридтен кетудің басты себептерінің бірі вингердің үнемі ұшырайтын расисттік қорлаулар екені атап өтілді.
Осы маусымда Винисиус “галактикос” сапында барлық жарыстарда 25 матч өткізіп, 14 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
Мадридтік Реалдың аңыз ойыншысы Модрич мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін