locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Винисиус Эль-Класикодағы оқиғадан кейін жазаға тартылуы мүмкін

Бразилиялық футболшы Хаби Алонсо тарапынан тәртіптік шараға ұшырауы ықтимал
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Винисиус Эль-Класикодағы оқиғадан кейін жазаға тартылуы мүмкін
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» атышулы шабуылшысы Винисиус Жуниор Эль-Класико аясында «Барселонаға» қарсы өткен Ла Лига матчы кезінде орын алған оқиғадан кейін бас бапкер Хаби Алонсо тарапынан тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.

COPE мәліметінше, Алонсо команда жаттығуға қайта оралған сәрсенбі күні Винисиуспен жеке әңгіме өткізуді жоспарлап отыр. Әңгімеден кейін бапкер ойыншыға ауызша ескерту жасау немесе алдағы матчтарға қатыстырмай, қатаңырақ жаза қолдану туралы шешім қабылдайды.

Биылғы маусымда бразилиялық шабуылшы он үш матч өткізіп, бес гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Еске сала кетейік, ойынның 72-минутында алаң иелері 2:1 есебімен алда тұрған сәтте Алонсо Винисиусты алмастыру туралы шешім қабылдады. Бұл бразилиялық форвардқа мүлде ұнамады. Ол өз наразылығын айқын көрсетіп, бапкерге қол да бермей, шешімге келіспейтінін білдірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie