locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Сәтпаевтың бәсекелесі ме? Челсидің жаңа вингері Жеовани Кенданың үздік сәттері

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ВИДЕО. Сәтпаевтың бәсекелесі ме? Челсидің жаңа вингері Жеовани Кенданың үздік сәттері
ФОТО: Getty Images

“Челси” “Спортингпен” 17 жастағы талантты вингер Жеовани Кенданы сатып алу туралы келісімге келді. Бұрын хабарланғандай, медициналық тексеру жүргізіліп, тараптар келісімге келген. Тек трансферді ресми түрде жариялау ғана қалды.

Осы маусымда футболшы клуб сапында 43 матч өткізіп, 2 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. “Челси” скауттары ойыншыны шабуылдаушы қапталдағы Энцо Мареска командасына тамаша қосымша күш ретінде қарастырды.

Айта кетейік, “зейнеткерлермен” келісімшартқа отырған Кенда мен 16 жастағы қазақстандық Дастан Сәтпаев бір-бірімен жасты деуге болады. Болашақта ойыншылар лондондық клуб сапында бірге ойнайды деп сенеміз.

Назарларыңызға 17 жастағы таланттың үздік сәттерінің жинағы:

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie