Видео. Бұрыштамадан кейінгі сәтті соққы! Тұрсынбай «Ордабасыға» үшінші голды сыйлады
Сағадат Тұрсынбай «Торпедо» қақпасына үшінші голды соқты
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
Фото: Ордабасы ФК
Кутаисиде өтіп жатқан УЕФА Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі тартысты матч шарықтау шегіне жетті. «Ордабасы» мен Грузияның «Торпедо» клубы арасындағы кездесуде шымкенттіктер 69-минутта есепте қайта алға шықты - 3:2.
Бұл жолы мергендігімен қорғаныс шебінің ойыншысы Сағадат Тұрсынбай көзге түсті. Бұрыштамадан берілген допты сәтті қабылдаған қорғаушы допты қақпаға дәл бағыттап, өз командасын қайта алға шығарды. Қазақстандық ұжым стандартты жағдайларды ұтымды пайдаланып келеді, және бұл гол - соның жарқын дәлелі.
Кездесу Кутаисиде өтіп жатыр, ал қарымта матч 17 шілде күні Шымкентте өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. Матч әлі де жалғасуда.