locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Бразилиядағы жанжал: Неймар голы есепке алынбаған соң жанкүйерге бас салды

Неймар ашуға мініп, жанкүйермен жанжалдасты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Видео. Бразилиядағы жанжал: Неймар голы есепке алынбаған соң жанкүйерге бас салды
ФОТО: Getty images

Бразилияның атақты клубы – «Сантос» ел чемпионатындағы жағдайын күн сайын күрделендіруде. Соңғы бес матчтың үшеуінде жеңіліп, команда турнир кестесінің төменгі сатысына сырғыды. «Интернасьоналмен» өткен кездесу де оң нәтиже әкелмеді - есеп 1:2, ал жалғыз жарқ еткен сәт - Неймардың алаңдағы эмоциялық жарылысы болды.

33 жастағы шабуылшы туған клубына қайта оралып, оған жаңа тыныс сыйламақ болғанымен, команданың сүреңсіз ойынына әсер ете алмауда. Бұл ойында Неймар есепті теңестіргенімен, гол офсайдта қалып қойғандықтан есепке алынбады. Сол сәттен кейін футболшының шыдамы таусылып, трибунадағы жанкүйерлердің бірімен ауызша жанжалға түсті. Куәгерлердің айтуынша, жанкүйер Неймарды матч бойы арандатумен болған.

Бұл жағдай Неймардың төңірегіндегі қысымның күшеюін айғақтай түседі. Клубтың басты символы саналғанына қарамастан, ол команданы дағдарыстан алып шыға алмай келеді. Қайта оралғаннан бері көрсеткіші бұрынғы деңгейден алыс, ал «Сантос» қауіпсіз аймақтан алыстап барады.

Айта кетерлігі, Неймар әлі күнге дейін жалпы трансфер құны бойынша футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы саналады - оның клубтар арасындағы ауысымдары үшін 400 миллион еуроға жуық қаражат жұмсалған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie