locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Алтын доп иегері Родри жаттығуларға оралды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ВИДЕО. Алтын доп иегері Родри жаттығуларға оралды
ФОТО: Getty Images

Испания және “Манчестер Сити” клубының жартылай қорғаушысы Родри крест байламы жарақатынан жазылу жолында доппен жаттығуды бастады.

“Қалалықтардың” баспасөз қызметі жартылай қорғаушының жаттығуы түсірілген видеоны “Сауығу жолында” деген жазумен жариялады.

Еске салайық, ол қыркүйекте “Арсеналмен” (2:2) өткен ойында крест байламдарын жұлып алған және дәрігерлердің айтуынша, ол маусымды түгелдей дерлік өткізбейді.

28 жастағы ойыншы клуб пен ұлттық құраманың көшбасшысы. Өткен маусымда ол командамен Англия Премьер-лигасының чемпионы атанса, жазда Испания құрамасымен Еуропа чемпионы атанды. Ол сондай-ақ жылдың үздік ойыншысы деп танылып, беделді “Алтын доп” жүлдесін алды.

Жақында испандықтың өзі жарақат жағдайына қатысты пікір білдіріп, оның жазылу барысы туралы ақпаратпен бөлісті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie