Валиуллин Тобылмен қоштасып, болашағы туралы пікір білдірді
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстан құрамасының ойыншысы Руслан Валиуллин "Тобылмен" қоштасты, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
- "Қостанай мен үшін екінші үйіме айналды. Біздің жанкүйерлерімізге олардың сүйіспеншілігі мен тұрақты қолдауы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен әрдайым алаңда барымды салып, оларға өз ойыныммен алғыс айтуға тырыстым. Бізге сенім артқан және әрдайым жанымызда болған барша адамдарға шын жүректен алғысымды айтамын.
"Командаға және жанкүйерлерге алдағы маусымда табыс пен сәттілік тілеймін. Клубтың барлық ұжымына, қызметкерлеріне және жұмысшыларына рақмет! "Тобыл" сіздерді әдемі футболымен қуанта берсін! ", - деді Вәлиуллин.