Вадим УЛЬЯНОВ: “Келесі мақсат – жақсы еуропалық клубқа ауысу”
“Қайраттың” бұрынғы қақпашысы Еуропадағы мансабын жалғастыру туралы
Футбол
Александр Шарадкин
Вадим УЛЬЯНОВ: “Келесі мақсат – жақсы еуропалық клубқа ауысу”
Алматылық “Қайраттың” бұрынғы қақпашысы Вадим Ульянов Еуропадағы мансабын жалғастыру туралы өз пікірімен бөлісті.
“Маған көптеген агенттер жазып, менің өкілдерімнің байланыс деректерін сұрады. Бірақ нақты келіссөздерге жеткен жоқпыз. Келесі мақсат – жақсы еуропалық клубқа ауысу”, – деп келтіреді Ульяновтың сөзін Sports.kz.
Айта кетейік, жақында Вадим Ульянов “Қайраттан” Ресейдің “Ахмат” клубына ауысқан болатын.