locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Вадим РАЦЭ: “Қазақстанның Норвегиямен өз алаңында тең ойнағанын көрдік”

Вадим РАЦЭ: “Қазақстанның Норвегиямен өз алаңында тең ойнағанын көрдік”
Вадим РАЦЭ: “Қазақстанның Норвегиямен өз алаңында тең ойнағанын көрдік”

Молдова құрамасының капитаны Вадим Раце 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің жеребесіне пікір білдіріп, өз командасына Қазақстан құрамасын үлгі етті.

“Бізде мықты командалардан құралған теңдестірілген топ бар, бірақ біз мықты қарсыластармен кездесуге үйренгенбіз. Соңғы іріктеу кезеңінде біз өте қиын топта ойнадық, ал сол топтан Польша, Чехия және Албания финалдық турнирге шықты. Біздің тобымызда айқын фаворит - Германия немесе Италия болады деп ойлаймын. Бірақ басқа командалармен біз футбол ойнап, не істей алатынымызды көрсетуіміз керек. Мысалы, Қазақстанның Норвегиямен өз алаңында тең ойнағанын көрдік, сондықтан біз де тосын сый жасай аламыз. Жетістікке жету үшін тамаша формада болып, өз мүмкіндігіміздің шегінде ойнау және әр матчта бар күшімізді салу керек,” – деп келтіреді Рацэнің сөзін sports.md.

Айта кетейік, ӘЧ-ге іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының қарсыластары Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн болды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie