locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Усман Дембеле: ПСЖ-ге Чемпиондар лигасының алғашқы жүлдесін сыйлауды армандаймын

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Усман Дембеле: ПСЖ-ге Чемпиондар лигасының алғашқы жүлдесін сыйлауды армандаймын
ФОТО: Getty Images

Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Усман Дембеле Чемпиондар лигасындағы жеңіс пен «Алтын доп» жүлдесіне үміті жайында айтты.

«Чемпиондар лигасындағы жеңіске жету жолы әлі де оңай емес, бірақ командалық жетістіктер мені шабыттандырады. "ПСЖ"-ге клуб тарихындағы алғашқы Чемпиондар лигасының кубогын әкелгім келеді», – деді футболшы Get French Football News басылымына берген сұхбатында.

Ағымдағы маусымда Усман керемет нәтиже көрсетіп жүр: ол барлық турнирлерде 41 матчқа қатысып, 32 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Дембеле «ПСЖ»-мен бірге Франция чемпионатын жеңіп алды.

Алдағы маңызды қадам – Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Астон Вилла» командасына қарсы қарымта матч. Бұл кездесу 16 сәуір күні, Қазақстан уақытымен 00:00-де өтеді. Бірінші ойында париждік команда 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie