Уразбахтин Сатпаевтің «әдейі» алған сары қағазы туралы сұраққа жауап берді
Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Олимпиакосқа» қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Дастан Сатпаевтың дисквалификациясы туралы, кейбір БАҚ «бапкердің ұсынысы бойынша әдейі алынған» деп бағалаған мәселеге қатысты сұраққа жауап берді.
Бұған дейін бірнеше БАҚ УЕФА ойыншыға «әдейі» карточка алғаны үшін санкция қолдануы мүмкін деп жазған болатын.
— Бұл мәселе қалай шешілді?, - деген сұрақ қойылды залда.
— Сізге бұл ақпаратты кім айтты? Солардан сұраңыз. Кейбіреулер хайп жасап жатыр, - деп Уразбахтин ашуын жасырмай жауап берді.
«Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сатпаев 9 желтоқсанда өтетін «Олимпиакосқа» қарсы ойынды сары қағаздардың көптігіне байланысты өткізіп алады. Бұл сары қағазды Уразбахтиннің ұсынысы бойынша әдейі алған деп көрсеткен еді, өйткені ойыншы «емделуге кететіндіктен, бәрібір бұл матчқа қатыса алмайды».