locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА төбелестен кейін Чемпиондар лигасындағы матч бойынша тергеу бастады

«Фенербахче» 26 тамызда сырт алаңда «Лионды» 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің негізгі кезеңіне өтті
УЕФА төбелестен кейін Чемпиондар лигасындағы матч бойынша тергеу бастады
УЕФА төбелестен кейін Чемпиондар лигасындағы матч бойынша тергеу бастады

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) түркиялық «Фенербахче» клубына, сондай-ақ футболшылар Маттео Гендузи мен Мейсон Гринвудқа қатысты Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі француздың «Лион» командасына қарсы қарымта матчтан кейін тәртіптік тергеу бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл туралы клубтың X әлеуметтік желісіндегі баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Фенербахче» 26 тамызда сырт алаңда «Лионды» 2:1 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Бірқатар БАҚ-тың мәліметінше, матчтан кейін Гендузи алаң иелерінің жанкүйерлеріне Марсельмен байланысты француз рэпері Jul-дің ишарасын көрсетіп, бұған дейін өзі ойнаған «Лионның» принципті қарсыласы — «Марсельді» қолдайтын ұран айтқан. Гендузи трибуна астындағы бөлмеге қарай бет алған кезде тоннельдің кіреберісінде тұрған «Лион» қақпашыларының жаттықтырушысы футболшыға тап берген. Осыдан кейін жаппай төбелес басталған.

«Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчтан кейін УЕФА футболшылар Маттео Гендузи мен Мейсон Гринвудқа, сондай-ақ біздің клубқа қатысты тәртіптік іс қозғады. Клубымыз бұл процесс аясында қажетті түсініктемелер беріп, УЕФА-ның тиісті органдары алдында футболшылар мен «Фенербахченің» құқықтары мен мүдделерін қорғайды», — делінген мәлімдемеде.

«Фенербахче» екі матчтың қорытындысы бойынша «Лионды» 3:2 есебімен жеңіп, 17 жылдан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie