locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Удинезе» «Интерді» масқара етті. Киву командасымен не болып жатыр?

«Интер» өз алаңында «Удинезеге» есе жіберді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Удинезе» «Интерді» масқара етті. Киву командасымен не болып жатыр?
ФОТО: Getty images

Италия біріншілігінің 2-турында күтпеген жағдай тіркелді. Миланның «Интері» «Сан-Сиро» стадионында «Удинезеге» 1:2 есебімен жол берді.

Ойын басталған сәттен-ақ «нерадзуррилер» басымдыққа ие болып, 17-минутта Дензел Дюмфрис әріптесінің пасын қақпаға бағыттап, есеп ашты. Трибуналар шаттыққа бөленді, алайда қуаныш ұзаққа созылмады.

29-минутта төреші миландықтардың қақпасына пенальти белгіледі. Кевин Дэвис мүмкіндікті мүлт жібермей, таразы басын теңестірді. Бұдан кейін «Удинезе» тіпті алға шықты: 40-минутта Абдуллахи Атта қақпашыны қапы қалдырып, жеңіс голын соқты - 1:2.

Қалған уақытта «Интер» есепті теңестіруге бар күшін салғанымен, нәтижеге жете алмады. Бұл маусымдағы алғашқы жеңіліс миландықтар үшін ауыр соққы болды.

Серия А, 2-тур
«Интер» — «Удинезе» — 1:2 (1:2)
Голдар: Дюмфрис, 17 (1:0). Дэвис, 29 (1:1, пенальти). Атта, 40 (1:2).

Енді «Интер» 13 қыркүйекте Италия дербиінде «Ювентусқа» қарсы шығады. Ал «Удинезе» 14 қыркүйекте «Пизамен» кездеседі.

Айта кетейік, «Интер» - Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде «Қайраттың» қарсыластарының бірі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie