locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қуаныш Қабдулов: Егер осылай ойнайтын болсақ, жеңістер келеді

Футбол 27 сәу 2025 02:48
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қуаныш Қабдулов: Егер осылай ойнайтын болсақ, жеңістер келеді
ФОТО: fc_atyrau инстаграм парақшасынан

«Атырау» футбол клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы Қуаныш Қабдулов КПЛ-дің алтыншы турындағы елордалық «Астанаға» қарсы өткен матчтың (1:2) қорытындысы бойынша пікір білдірді.

- «Өкінішке қарай, ойынның басында қателік жіберіп, жылдам гол жіберіп алдық, мұндай жағдайға жол бермеуді жоспарлаған едік. Алайда одан кейін ойын басқа арнаға түсті, және менің ойымша, біз жоспарымыздың көп бөлігін жүзеге асыра алдық. Әрине, екінші таймның соңында тағы бір гол жіберіп алғанымыз көңілге қаяу түсірді. Үзілісте тактикалық өзгерістер жасап, жақсы нәтиже күткен едік. Жігіттерге үлкен алғысымды білдіремін – олар соңына дейін күресті. Нәтиже біз қалағандай болмағанымен, команда көрсеткен жанкештілікке ризамын. Егер әр матчта осындай көңіл-күймен ойнасақ, жеңістер көп күттірмейді», – деп Қабдуловтың сөзін «Атырау» баспасөз қызметі келтіреді.

Қазіргі уақытта «Астана» Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде алты турдан кейін 14 ұпаймен екінші орында тұр. Ал «Атырау» үш ұпай жинап, 13-орынға жайғасқан.

30 сәуір күні бұл екі команда қайта кездеседі – бұл жолы 18-турдың кейінге қалдырылған ойынында.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie