Тәжірибеге сенім: Дмитрий Непогодов «Ұлытау» сапында мансабын жалғастырады
«Ұлытау» футбол клубы тәжірибелі қақпашы Дмитрий Непогодовпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде мәлімдеді.
Жезқазғандық команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 37 жастағы голкипермен жасалған жаңа келісім алдағы маусымның соңына дейін күшінде болады.
Непогодов «Ұлытау» сапына 2025 жылдың ақпанында Украинадан келген «Подолье» клубынан ауысып келіп, бірден команданың негізгі тірегіне айналды. ҚПЛ-дың өткен маусымында Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы 24 ойынға қатысып, 33 доп жіберіп алды. Сонымен қатар, үш кездесуде қақпасын құрғақ ұстады, бұл сәттерде команда үшін маңызды ұпайлар алуға септігін тигізді.
Қазақстандағы мансабы барысында Дмитрий Непогодов «Тобыл», «Астана» және «Ордабасы» секілді клубтардың намысын қорғаған.
2025 жылғы ҚПЛ маусымы қорытындысы бойынша «Ұлытау» турнир кестесінде оныншы орынға тұрақтап, Қазақстан футболының элитасында қалды.
Сондай-ақ ҚПЛ клубының айналасында қаржылық дау өршіді.