locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Туран» қаржылық қиындықтарға байланысты «Елімаймен» ойынға пойызбен барады

Түркістандық клуб қиын кезеңді бастан кешіруде
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Туран» қаржылық қиындықтарға байланысты «Елімаймен» ойынға пойызбен барады
ФОТО: ФК «Туран»

Sports24.kz мәліметінше, Түркістанның «Туран» клубы Қазақстан Премьер-лигасының 13-турындағы сырт алаңдағы «Елімайға» қарсы матчқа Семей қаласына пойызбен жол тартады.

Бұл шешім клубтағы жалғасып жатқан қаржылық мәселелермен байланысты. Қаржылай қиындықтар жалақының кешіктірілуіне және ойындарға дайындық барысының бұзылуына алып келуде.

Еске салайық, «Туран» 12-турда елордалық «Жеңіске» қарсы кездесуге легионерлерсіз шығып, 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Қазіргі таңда команда 12 турдан кейін 11 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 10-орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie