locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Төртінші бапкерлік ауысым: «Абдыш-Ата» маусым барысында тағы да жаттықтырушысын алмастырды

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Төртінші бапкерлік ауысым: «Абдыш-Ата» маусым барысында тағы да жаттықтырушысын алмастырды
ФОТО: Getty Images

Қырғыз Премьер-лигасының қазіргі чемпионы - «Абдыш-Ата» футбол клубы осы маусымда төртінші рет бас бапкерін ауыстырды.

9 маусым күні команданы ресми түрде өзбекстандық маман Хуршит Лутфуллаев басқарды.

Бапкерлердегі ауыс-түйіс 2024 жылдың желтоқсанында басталған еді. Сол кезде командадан Қырғызстанның екі дүркін чемпионы Ислом Ахмедов кеткен болатын. Оның орнына келген черногориялық Владимир Вуйович жаңа маусым басталмай жатып, 2025 жылдың ақпанында клубпен қоштасты.

Кейін команданы сербиялық маман Иван Куртушич жаттықтырды, бірақ ол тек сәуір айына дейін жұмыс істеді. Көктемнен маусым айының басына дейін ұжымды бұған дейін де клубта жұмыс істеген Мирлан Эшенов басқарды.

Қазіргі таңда «Абдыш-Ата» турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Команданың қоржынында 11 матчтан кейін 24 ұпай бар. Көш бастап тұрған «Алайдан» оларды небәрі үш ұпай айырады. Жаңа бас бапкердің жетекшілігімен алғашқы кездесуін бішкектік клуб 13 маусымда өз алаңында «Кыргызалтынға» қарсы өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie